Анастасия Молчанова стенд атудан әлем кубогінде бестікке енді

593

Кипрдің Никосия қаласында стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтуде.  

Анастасия Молчанова стенд атудан әлем кубогінде бестікке енді

Қазақстандық мергендердің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Скиттен әйелдер арасындағы сында Анастасия Молчанова үздік бестікке енді. Бұл команда спортшыларының ең үздік көрсеткіші. 

Зоя Кравченко 30-шы, Әсем Орынбай 34-ші орында. 

Траптан әйелдер арасындағы бәсекеде Мария Дмитриенко 9-шы орын иеленсе, Сәрсенкүл Рысбекова 25-ші сатыда.

Айта кетелік, стенд атушыларда әзірге бір жолдама бар. Сәрсенкүл Рысбекова лицензиялық Азия чемпионатында Токио ойындарына жолдама жеңіп алған болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу