Анастасия Щегорцова қызметінен босады

Орнына қызметке Ләззат Сүйіндік кірісті. 

Анастасия Щегорцова қызметінен босады Фото: Индустриальная Караганда

Бұл туралы ҚР Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өз отырысында Сенат тағайындаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесін қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны алдын ала талқылап, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Регламент негізінде Парламент Сенатына Анастасия Геннадьевна Щегорцованы Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінен босатуды ұсынамыз", – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Палата депутаттары аталған ұсынысты толық қолдап, А.Щегорцованы қызметінен босатты.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Анастасия Щегорцоваға қызметі үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Анастасия Геннадьевна 1980 жылы 28 тамызда Павлодар қаласында туған.

2003 жылы Еуразия ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша аяқтаса, 2010 жылы "Әлеуметтану" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу