Анасы 2 баласын терезеден лақтырып жіберген оқиға жайлы Динара Закиева пікір білдірді

298

Қыз баланың жағдайы ауыр. 

Анасы 2 баласын терезеден лақтырып жіберген оқиға жайлы Динара Закиева пікір білдірді Фото: canva

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Тараздағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Балалар Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Аймақтық уәкіл балалардың жағдайымен танысты. Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауыр. Бұған дейін анасы ауыр депрессиялық жағдайға ұшыраған, бірақ соңына дейін толық емделмеген", – деді Динара Зәкиева.

Омбудсменнің сөзінше, балаларды қорғауда медициналық құпия кедергі келтіреді. 

"Денсаулық сақтау органдары балалардың ата-аналары ауыр депрессиялық жағдайға ұшырағанын немесе психикалық денсаулыққа қатысты диагнозбен есепте тұратынын балалардың құқықтарын қорғау органдарына хабарламайды. Себебі медициналық құпия деген бар. Зорлық-зомбылық пен балаларды өлтірудің ондаған жағдайлары осындай себеппен байланысты. Балаларды қорғау функциясын жүзеге асыратын органдарда балаларды аралап, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат болуы тиіс. Меніңше, бұл мәселені заң деңгейінде шешу қажет", – деді Динара Зәкиева. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, күн сайын балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты бес қылмыс тіркеледі. Мұндай қылмыстардың 60-70%-ы туыстарымен, яғни ата-аналарымен немесе жақын адамдарымен жасалады.

Айта кету керек, бұған дейін Таразда әйел 2 баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу