Отандық тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан елорда тұрғынына қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Сөзінше, өткен жексенбіде олар нотариустар корпоративінде бірге болған. Гаухар әріптестеріне кенже ұлымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйда тұратын отбасылық достарына баратынын айтқан. Астанадан Грозныйға тікелей рейс болмағандықтан, олар Баку арқылы ұшқан. Гаухардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар. Ол жақында елге ұшып келгендіктен, Астанада қалған. Гаухардың анасы қайғылы жағдай туралы әлі білмейді. Гаухардың бұрынғы жұбайы мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен", – деді журналист желідегі парақшасында.
Айта кету керек, осыған дейін ұшақта болған 6 отандасымыз мерт болғанын жазғанбыз.