"Анасы да, әкесі де жоқ": Анасын іздеп жүрген Жәнібек балалар үйіне барды

3816

Бельгиядан туған анасын іздеп келген Жәнібек Савельев Алғыс айту күнінде Астанадағы жетім балаларды қуантты.  

"Анасы да, әкесі де жоқ": Анасын іздеп жүрген Жәнібек балалар үйіне барды Фото: instagram/muratsaveliev

Ол ата-ана мейірімінсіз өсіп келе жатқан жандарды қуанту үшін ойыншықтар сыйлады, деп жазады inbusiness.kz.

"1 наурыз – Алғыс айту күні.

Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы Балалар үйінде басталды.

Соңғы айларда мен бұрын Балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым.

Мен оларға өте ризамын.

Осы мейірімді мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы @kindervillage-ге Балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға маған рұқсат етілді.

Кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелет жасқа толғанға дейін осы Балалар ауылында, түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұрады екен.

Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда, жүзіндеріндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім.

Осы ерекше мерекеде менің тілегім – әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүргенін қалаймын.

Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын тіледім.

Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек әлі биологиялық анасын тапқан жоқ. Өткен жылдың желтоқсанында елге келіп, Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы анасын іздеген Жәнібекке қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу