"Анасы мен баласын қағып кеткен": Қызылордада адам өліміне себепкер болған жігітке іздеу жарияланды

Оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлау сұралады.

"Анасы мен баласын қағып кеткен": Қызылордада адам өліміне себепкер болған жігітке іздеу жарияланды Фото: azattyq-ruhy.kz

Қызылорда қалалық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасына қатысты оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Полиция мәліметінше, 2026 жылдың 13 қазанында сағат 17:10 шамасында Қызылорда қаласындағы Құлтекенов көшесі №111 үйдің маңында Mitsubishi Lancer автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

– Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Қызылорда облысының Полиция департаменті оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шараны қабылдауда.

Қалаға кіреберіс жолдарда бақылау күшейтілді. Күдіктіні іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды, – деп хабарлады Қызылорда қалалық полиция басқармасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу