Анасы Президентке үндеу жолдап, баласы соққыға жығылды

977

Бұрын құрылыс алаңында биіктен жығылып жарақат алған 15 жастағы теміртаулық Ұлан Бекбай, анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінгеннен кейін, соққыға жығылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Анасы Президентке үндеу жолдап, баласы соққыға жығылды

"Теміртауда болған төбелес фактісі бойынша 11 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (адамдар тобында жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында жанжалға қатысушының барлығы анықталды, оның ішінде 2005 жылы туған, кәмелетке толмаған Ұ.А.Бекбай медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Әрбір айыпталушының кінәсі бойынша түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін жасөспірімді ұрып-соққаны туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова хабарлаған болатын.

"Теміртаулық Зәуреш есімді тұрғынның ұлы Ұлан мен оның досын төрт ересек адам ұрған. Екі жасөспірім ешкімге қол тигізбеген. Оларды қазақша сөйлемегені үшін төрт ер адам, өздерінің де баласы бар төрт ересек адам, соға бастаған. Бұрын 15 жасар Ұлан құрылыс алаңында зардап шеккен. Сонда құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Біз оның соққыға жығылуын тікелей сол іспен байланыстырамыз", - деді қоғам белсендісі.

Оның айтуынша, баланың анасы Тоқаевқа бейне-үндеу жолдаған. Бейнеүндеуде құрылыс компаниясының жауапкершілігі туралы айтқан. Содан кейін оған әкімдіктен қоңырау шалып, құрылыс объектісі үшін толық төлем жасалғанын және моральдық залал да "медиация шартында жазылғандай, жақында" толық көлемде төленетінін хабарлаған.

"Бірақ бірнеше күн өткен соң, төрт ересек адам Ұланды басынан, жарақаты жазылмаған жерінен ұрып-соқты, оның үстіне досын да жарақаттады. Қарағанды облысының полиция басшылығынан құрылыс компаниясына қатысты шұғыл шаралар қабылдауды сұраймыз, қылмыстық істі қайта қозғауды, барлық кінәлілерді екі қылмыс үшін жазалауды талап етеміз. Жас бала екі рет зардап шекті, енді ешкім жазасыз қалмайды деп үміттенемін!"- деді Смайылова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу