Анасы төрт айлық сәбиін өлтірген

1137

Ол баланың жылағанына шыдай алмапты.  

Анасы төрт айлық сәбиін өлтірген

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында анасы төрт айлық баласын пышақтап өлтірген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға 26 сәуір күні болған. Әйелдің жасы 41-де. Ол нәрестенің жылай бергеніне шыдамай, оған бірнеше жерінен ас үй пышағын сұғып алған. Қазіргі күні қылмысын мойындаған.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99 бап 2 бөлігі 3 тармағына сәйкес, іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиев.

Бұдан бөлек, облыс аумағында 24-26 сәуір аралығында "Есеп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тек қана соңғы үш күн ішінде шара аясында 172 тұлға ішкі істер органдарының есебіне алынған. Акция рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында өтіп жатыр.

 "Ауыр қылмыс жасап, жазасын түзеу мекемелерінде өтеп, мерзімінің аяқталуымен босап шыққан 2 тұлға әкімшілік қадағалауға алынды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында 89 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы, 44 тұлғаға мінез құлқына қатысты сот тарапынан ерекше талап белгіленді. Сондай-ақ, 1 маскүнем, 6 жайсыз отбасы анықталып, 6 бала есепке қойылды. Профилактикалық және тізімдік есепте тұрған  2237 тұлға тексерілді", - дейді  ПД баспасөз қызметінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу