Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-4 жас аралығындағы балалардың денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Іс Қарағанды облысының ІІД бастығының бақылауында", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу