"Анасы ұстап алды": Маңғыстауда 20 жастағы жігіт оқушы қыздан жалаңаш суретін сұраған

4851

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

"Анасы ұстап алды": Маңғыстауда 20 жастағы жігіт оқушы қыздан жалаңаш суретін сұраған Фото: видео скриншот

Маңғыстау облысы Батыр ауылында 20 жастағы такси жүргізушісі 5-сынып оқушысына ұятты әңгімелер жазып, жалаңаш сурет сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел қызының желідегі парақша арқылы тынымсыз түрде біреумен хат алмасып жүргенін байқаған.

Қызығушылық танытып, тексерген сәтте ересек адамның қызына жазған сөздерді оқып, шошып кетеді. Ол бірден қызы болып онымен әңгімені жалғастырады. Такси жүргізушісі оқушыны кездесуге шақырып, не киіп шығу керек екенін де түсіндірген.

"Ол қызымнан жалаңаш, тұтас бойыңмен сурет жібер дейді. Кездесуге лосины киіп шық деген. Мен қызым болып сөйлесіп "Үйде ешкім жоқ. Келе бер дедім". Ол келіп жол бойында тұрған сәтте видеоға түсіріп алдым. Содан ол қаша жөнелді. Не үшін келгенін сұрағанымда өтірік айтып, бой бермей тұр. Менде оның қызыма жазған сөздері мен ұсыныстарының барлығы тұр. Полицияға тапсырдым", - дейді әйел.

Жергілікті полиция ер адамның көлік номері мен телефон номері арқылы оны  бірден тапты. Қазір болған жағдайды толық тексеру жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу