Ақтөбеде анасымен ұрысып қалған жасөспірім үйден кетіп қалған. Абырой болғанда бала табылды, деп жазады inbusiness.kz.
6 ақпан күні полицияға ұлының жоғалып кеткені туралы арызбен оның ата-анасы жүгінді. Жасөспірім қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің 2-курсында оқиды.
"Іздеу тобы жедел құрылып, студенттің курстастары мен достары сұралды, бірақ оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады. 8 ақпан күні полиция қызметкерлері студенттің БҚО-да болуы мүмкін деген ақпарат алды. Орал қаласына шыққан полиция жедел қызметкері және баланың әкесі жоғалған баланы тапты. Бала жанжалдан кейін жұмыс табу үшін Орал қаласына кеткенін түсіндірді", - делінген https://t.me/POLICE_of_KZ/6987 ІІМ таратқан ақпаратта.
Жасөспірім әкесіне берілді.