Солтүстік Қазақстан облысында анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Петропавл.news басылымына сілтеме жасап.
48 жастағы жергілікті тұрғын анасына балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Ол бұрын да осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған.
Ер адамға 30 күн ішінде анасына қатысты физикалық және психологиялық азап келтіретін немесе оған қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салынған болатын. Бірақ ер адам бұл тыйымды ескермеді. Ер адам ішімдікке сылқия тойып, анасымен тағы жанжалдасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу