"4 баланың туған анасы анықталды": Жәнібек Қазақстанға қайта келді

12395

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасуда.

"4 баланың туған анасы анықталды": Жәнібек Қазақстанға қайта келді Фото: @muratsaveliev

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, ол бүгін Астанада "Мың алғыс" шарасына қатысады деп жоспарланған.

Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасуда.

"Мың алғыс" шарасында Жәнібектен бөлек, 1930 жылдары ата-бабасы Қазақстанға қоныс аударған түрік этносының өкілі Яша Қошалиоғлы, донорлық органмен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев, 25 бала асырап алған ақтөбелік Жетесовтер отбасы мен Астанада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бесінші қабатта қалған тұрғынды аман алып қалған құтқарушы Ғалымбек Өтешев қонақ болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу