"Жалғыз ұлы қасында еді": Танымал вайнер Мейіржан Төребаев түрмеге қайтты

2270

Анасының сырқатына байланысты қысқа мерзімді демалыс алған Мейіржан Төребаев колнияға оралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жалғыз ұлы қасында еді": Танымал вайнер Мейіржан Төребаев түрмеге қайтты Фото: dana_yesseyeva

"Сотталушы Мейіржан Төребаев 27 мамырда колонияға оралды, қазір мекемеде жазасын өтеп жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Айта кетейік, әзілкеш 10 күнге демалыс алып, Павлодар түрмесінен Алматыға келген еді.

"Мейіржанның қысқамерзімді демалысы басталды. Бұл заң бойынша қарастырылған. (113-бап "Мекеме аумағынан тыс жерге шығу") Балалардың қуанышында шек жоқ. Мейіржан істі болғанда кенже баламыз енді сөйлей бастаған еді. Енді әкесіне көп сұрақ қойып жатыр. Ал үлкендері оның қайта Павлодарға кететінін түсініп, үнсіз құшақтап отыр. Онда Мейіржан "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істейді. Кешке мекемеге оралады. Бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды. Аз уақыт болса да, жалғыз ұлы қасында", – деп жазған жұбайы Дана Есеева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу