Анатолий Диденко: Қазақстандық футболға менде еш сенім жоқ

612

Одессалық "Черноморецтің" капитаны Анатолий Диденко Украинадағы "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында осылай дейді.

Анатолий Диденко: Қазақстандық футболға менде еш сенім жоқ

Одессалық "Черноморецтің" капитаны Анатолий Диденко Украинадағы "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында Қазақстаннан келіп түскен ұсыныс туралы айтып берді. Дәлірек айтсақ, осы ұсынысқа деген көзқарасының қандай екенін жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz.

"Отыз шақта ұсыныс аспаннан жауды десем де болады. "Волыньнан" кеткен соң бір Қазақстанның өзінен бес ұсыныс келіп түсті. Бірақ, мен дәл бұлай түбегейлі өмірімді өзгертіп жібергім келмейді. Одессада барлығы ретке келді: бір бала мектепке, екіншісі балабақшаға барып жүр…Ал қазақстандық футболға менде еш сенім жоқ. Оның үстіне, дөрекілігім үшін кешірім сұраймын, қайдағы жоқ бір ауылға барып, ақша алмау — біткен жерің осы шығар деймін. Әзербайжанның жағдайы бұл мәселеде тәуірлеу. Сол себепті бір кездері Дима Безотосныйға "Мүмкіндігінше сол жерде ойнай бер. Қазір Украинада жағдай тұрақсыз" деп айтқан едім", — дейді капитан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу