"Аңдар шаһары 2" фильмінің қазақша дубляжы рекорд орнатты

152

 Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Аңдар шаһары 2" фильмінің қазақша дубляжы рекорд орнатты Фото: Disney

Disney студиясы мен "Қазақ тілі" қоғамының әріптестігімен қазақ тіліне дубляждалған "Аңдар шаһары 2" анимациялық фильмі прокаттың алғашқы 10 күнінде 270 млн теңге жинады.

Фильмнің Қазақстандағы жалпы кассалық табысының 15,5 пайызы қазақша нұсқаға тиесілі. Оның айтуынша, көрермендер қызығушылығы жоғары – кинозалдар толық болған.

Руслан Желдібай бұл көрсеткіш қазақ тіліндегі дубляжға деген сұраныстың өсіп келе жатқанын айқын аңғартатынын атап өтті. Оның сөзінше, алдағы уақытта әлемдік премьераларды қазақ тіліне дубляждау жалғаса береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу