Әндіжанда 1,5 мың адам балмұздақтан уланып қалды

876

Әндіжанда 1,5 мың адам балмұздақтан уланып қалды

Өзбекстанның Әндіжан облысының Шахрихан ауданында 1,5 мың адам балмұздыққа уланып қалды. Жүздеген тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды centralasian.org.

Қазіргі таңда азық-түліктен улану диагнозымен емханада жүздеген науқас жатыр.

Әндіжандық дәрігерлердің хабарлауынша, бес адам реанимациялық бөлімге көшірілген.

Дерек көздеріне қарағанда, уланған тұрғындардың барлығы да Шахриханның орталығындағы "Макс" кафесінен балмұздақ жеген.

CA-NEWS ақпарат агенттігінің жазуынша, оқиға орынына елдің денсаулық сақтау саласы басшылары келіп, тексерістер жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу