Андрей Цалюк: Теңгенің күрт нығаюына себеп жоқ

932

Андрей Цалюк: Теңгенің күрт нығаюына себеп жоқ

KASE басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк жергілікті инвесторлардың KASE құралдарына деген қызығушылығы жоғары, акция секторында ешқандай жасанды баға жоқ, алайда индекс түзетілуі мүмкін деп мәлімдеді.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген KASE өкілі америкалық долларға деген сұраныс көбінесе жеке тұлғалардан немесе корпоративтік клиенттер тарапынан болатынын айтты. Сондықтан нақты бір банктер бағамды ұстап тұруға алдын ала келісіп алды деу ақылға сыйымсыз. Көш бастап, суырылып алға шығып тұрған банк жоқ, әрбір сауда сессиясында көш бастап тұрған екінші деңгейлі банктердің орны ауысып отырады. Доллар әдеттегідей нарықтағы орташа көрсеткіштен төмен көлемде сатылуда. Халық долларды соншалықты дүрлігіп сатып алып жатыр деп айту қиын. Теңгенің күрт нығаюына себеп жоқ, мұнай бір баррель үшін 54 доллардан жоғары саудалануда, ал рубльдің долларға қатысты бағамы нығайды.

 "Менің ойымша, бұл уақытша жағдай, бұдан әрі үдеу болмайтын сияқты", – деді Андрей Цалюк.

Андрей Цалюктың айтуынша, нарық жаман нәтиже көрсетпегендіктен, акция нарығында әзірге қолдан жасалған баға жоқ. Елдің экономикасы "жанданып" келеді, мұны ресми статистика мәліметінен және инвесторлардың белсенділігі, қор нарығындағы эмитенттерден байқалады.  Дегенмен KASE өкілі қазақстандық акция нарығының өсуі – бұл өзіміздің ғана еңбегіміз емес, сондай-ақ Лондон қор биржасының да ықпалы бар екенін атап кетті. Өйткені сегіз акцияның бесеуі Лондон қор биржасында саудаланады. Бұл акциялардың бағасы алдыңғы қатарлы биржа алаңдарында белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу