Андрей Чугай тректегі велоспорттан Азия чемпионы атанды

881

 Бұл Қазақстан командасының қоржынындағы екінші медаль.

Андрей Чугай тректегі велоспорттан Азия чемпионы атанды

Сеулде тректегі велоспорттан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық Андрей Чугай құрлық додасының жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшы "гит" бағдарламасы бойынша топ жарды. Ол 1 шақырымды 1:01.639 секундта жүріп өткен. Екінші орынды Малайзия, үшінші орынды Қытай спортшылары иеленді. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының қоржынындағы екінші медаль. Кеше Әлішер Жұмақан жекелей із кесу сайысында күміске қол жеткізген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу