Андрей есімді жанкүйерлер Аршавиннің "Қайраттағы" соңғы ойынына тегін кіреді

851

Андрей Аршавин "Қайратпен" қош айтысатын ойын 11 қараша күні Алматының Орталық стадионында өтеді. 

Андрей есімді жанкүйерлер Аршавиннің "Қайраттағы" соңғы ойынына тегін кіреді

 Андрей есімді жанкүйерлер "Қайраттың" биылғы Қазақстан чемпионатындағы соңғы матчына тегін кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат SPORTINFORM-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұл - Андрей Аршавиннің алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны.

"Егер сіздің атыңыз Андрей болса - чемпионаттың соңғы "Қайрат" - "Шахтер" ойынына тегін кіре аласыз. Ол үшін жай ғана Орталық стадионның кассасына келіп жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз жетіп жатыр. Бір билетті қолыңызға ұстатады", - делінген клубтың мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу