Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге ширек финалда америкалықтар Тэйлор Фриц – Томми Полмен шеберлік байқасты. Қазақстандық-америкалық жұп 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған матч барысында 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 6 эйске қол жеткізгенімен, 5 брейк-пойнтты мүлт жіберді.
А. Голубев пен А. Зверев жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер – Джек Сок немесе испаниялық Филисиано Лопес – грекиялық Стефанос Циципас жұптарының қай жеңгенімен кездеседі. Андрей Голубев осыған дейін жекелей және жұптық сында мастерс жарыстарында жартылай финалда ойнамаған еді.