Android қожайыны Essential смартфондарын шығармақшы

975

Android қожайыны Essential смартфондарын шығармақшы

Android операциялық жүйесінің негізін салушы Энди Рубин Essential смартфондарын шығармақшы. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасап "Ъ" хабарлайды.

Жобада 40 қызметкер жұмыс жасап жатыр. Олар бұған дейін Google мен Apple-де жұмыс істеген мамандар. Essential смартфон, планшет және мобильдік құралдарға арналған бағдарлама жасаумен айналысады.

Агенттіктің айтуынша, компанияда смартфондардың бірінің прототипі жасалып қойылыпты. Essential құралдарының бағасы iPhone және Google Pixel өнімдерімен деңгейлес болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу