Әнел Бермағамбеттің ісін Ішкі істер министрлігі тергейді

904

Кеше әлеуметтік желіде Әнел Бермағамбет Лаостағы жағдайына байланысты жазба жариялаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Әнел Бермағамбеттің ісін Ішкі істер министрлігі тергейді

Шетелде қиын жағдайға тап болған Әнел Бермағамбеттің ісін Ішкі істер министрлігі тергейді

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабының 1-бөлігімен (адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған мәліметтерге сәйкес ресми ақпарат қосымша ұсынылады. Оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды" деп мәлім етті ведомстводан.

Жәбірленушінің ағасымен байланыс орнатылды. Сонымен қатар ҚР консулдығы департаментіне хат жолданған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу