Иркутск облысы бойынша тергеу комитетінің басқармасы хабарлауынша, "Ангар мұнай-химия компаниясының" (АМХК) өндірістік алаңында шарпыған өрт кезінде екі адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті, деп жазады Inbusiness.kz.
Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев бейсенбі күні таңертең АМХК өндірістік алаңындағы тұтанған тілсіз жау 2,5 мың шаршы метрді шарпығанын, салдарынан екі адам зардап шеккені белгілі болғанын хабарлады. Оның айтуынша, қала тұрғындарына еш қауіп жоқ.
ТЖМ өрттің сөндірілгенін хабарлап, оған технологиялық қондырғы жүйелерінің газдануы себеп болғанын мәлімдеді.
"Тергеу мәліметтері бойынша, бүгін сағат 6-лар шамасында Иркутск облысының Ангар қалалық округіндегі өнеркәсіптік алаңның технологиялық қондырғысы өртене бастаған. Зардап шеккендердің біреуі ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, екеуі қайтыс болды",-делінген хабарламада.