Англия банкі Ұлыбританияның ЖІӨ 2017-2019 жылдары өсетіндігін болжады

2609

Англия банкі Ұлыбританияның ЖІӨ 2017-2019 жылдары өсетіндігін болжады

Англия банкі ақпан айындағы отырыс қорытындысы бойынша былтырғы жылы қаржы министрлігі ұсынған  экономиканы ынталандырудың қосымша шараларының,сонымен бірге әлемдік экономикада белсенділікті күшейту және несиелік нарықтағықолайлы жағдай арқасында елдің 2017-2019 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамын жақсартты, деп хабарлайды "Интерфакс".

2017 жылға арналған болжам қарашада күтілген 1,4%-дан 2%-ға, ал 2018 және 2019 жылға арналған 1,5%-дан 1,6%-ға және  1,7%-ға көтерілді.

Сонымен бірге Орталық банк  инфляцияны 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2,8%-ға дейін жылдамдатуды жәнекөрсеткішті алдағы үш жылда 2,4%-ға дейін төмендетуді болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу