Англия соты Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға рұқсат берді

1012

Шілдеде сот оны 2018 жылы алған Эквадор азаматтығынан айырды.

Англия соты Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға рұқсат берді

Англия мен Уэльстің Жоғарғы Соты WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға рұқсат берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Осылайша сот Вашингтонның шағымы туралы өтінімді қабылдады. Сот Тимоти Холройдтың айтуынша, АҚШ Ассанжды Құрама Штаттарда ұстау шарттары туралы кепілдік пакетін Ұлыбританияға берген.

Сонымен қатар Лондондағы апелляциялық сот экстрадициялау туралы істі Вестминстер сотына қайтарған. Ассанждың адвокаттары Лондондағы Жоғары соттың шешіміне қарсы шағым түсіруі мүмкін.

Шілдеде сот Ассанжды 2018 жылы алған Эквадор азаматтығынан айырды. 2019 жылы АҚШ-тың әділет министрлігі журналистке 18 айып таққан еді. АҚШ-қа экстрадицияланған жағдайда ол 175 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

АҚШ-тың Экс-Президенті Дональд Трамп егер Ассанж Демократиялық партияның серверлеріндегі хаттарды оған кім бергенін айтса, рақымшылық жасайтынын айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу