Англия вакцинация паспортын енгізбейтін болды

831

Мекемелер мен кейбір парламент мүшелері сынға алған мұндай паспорттар қыркүйек айының соңында енгізіледі деп айтылған еді.

Англия вакцинация паспортын енгізбейтін болды

Англия түнгі клубтар мен қоғамдық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид мәлімдеді.

"Премьер-министр осы аптада індетпен күрес жүргізуге қатысты жоспарды жариялайды. Ол құжатта вакцинация бағдарламасының нәтижелі екені жазылған.Әзірге елімізде вакцинация паспорты енгізілмейді", – деп жазылған хабарламада.

Мекемелер мен кейбір парламент мүшелері сынға алған мұндай паспорттар қыркүйек айының соңында енгізіледі деп айтылған еді. Жоспарға сәйкес, Англия тұрғындары клубтарға немесе басқа да қоғамдық орындарға кірер кезде вакцинациядан өткенін растайтын құжатты ұсынуы керек еді. Ал паспорты жоқтар ПТР тест тапсыруға міндеттеледі деп хабарланған еді.

Бірақ билік керек болған жағдайда құжатты енгізуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Фото: bbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу