Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр

562

Бұған елдегі туу көрсеткішінің 17 пайызға төмендеуі себеп. 

Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр Фото: pixabay

Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр. Енді бірі басқа білім ошақтарымен бірігуге мәжбүр. Бұған елдегі туу көрсеткішінің 17 пайызға төмендеуі себеп. Бұл туралы inbusiness.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар пандемия мен Брексит те кері әсерін тигізді. Ұлыбритания Еуро Одақ құрамынан шыққаннан кейін оған мүше елдердің азаматтары туған жерлеріне кетіп қалып, мектепке баратын бала саны азайған. Әсіресе, Лондондағы жағдай қиын. Манчестер, Бристоль және Лидс қалаларындағы кейбір бастауыш мектептер де жұмысын тоқтатқан. Сарапшылар бірнеше жылдың ішінде бұл мәселе 6-шы сыныптан бастап білім беретін орта мектептер үшін де өзекті болады дейді. 

"Барлығы да қаржыландыруға келіп тіреледі. Оқушы аз болса, мектепті ұстап отыру үлкен шығын. Сондықтан жабуға тура келеді", - деді  Хакни ауданы мэрінің орынбасары Аннтуанетта Брэмбл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу