Англияда дәстүрлі мотормен жүретін көлік болмайды

874

Жоспар 2040 жылы іске асуға тиіс еді, бірақ билік бұл бағыттағы жұмысты жеделдетпек.

Англияда дәстүрлі мотормен жүретін көлік болмайды

Financial Times басылымы хабарлағандай, 2030 жылдан бастап Ұлыбританияда іштен жанатын қозғалтқышы бар машиналарға ғана емес, гибрид көліктер сатуға да тыйым салынады. Бастапқыда билік мұны 2040 жылы жоспарлап, кейін 2035 жылға ауыстырған, ал енді жаңа мерзім белгіленді. 

Мұны ертеде ұсынған Тереза Мэй 2050 жылға қарай ауаға зиян газдың тарауын мүлде болдырмау ниетімен түсіндерген. Асығуға не себеп болғаны белгісіз, бірақ Борис Джонсон жоспардағы өзгерісті жуырда басқа да экологиялық бастамалармен қоса хабарлайды деген болжам бар. 

Гибрид көлік сатып алғандар одан 2035 жылға дейін құтылуға тиіс. Айта кетерлігі, қазір Англиядағы электромобиль үлесі небәрі 7 %-ды құрайды.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу