Англияда пластикалық банкнот қолданысқа енді

1209

Англияда пластикалық банкнот қолданысқа енді

Құны 5 фунт стерлинг болатын жаңа банкнот полимерлі пленкадан жасалған. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министр Уинстон Черчилль бейнеленген банкнот 440 миллион данамен басылып шықты.

 Пластикалық банкнот Черчилль дүниеге келген Мальборо қаласында маусым айында таныстырылған болатын.
 
Ағылшын банкі 2017 жылы құны 10 фунт стерлинг болатын банкноттарды, 2020 жылы 20 фунттық банкноттарды шығаруды жоспарлап отыр.
 
Су жұқпайтын полимерлі материал банкнотты ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа ақша кір машинасында жуылып кетсе бүлінбейді. Тек ыстықтан балқып кетуі мүмкін. Сонымен қатар жаңа банкноттың қорғаныс қабаты сапалы жасалған.

РИА Новости

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу