Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған компания Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған әпкесіне тиесілі.
"Group Of the Companies Tda ЖШС жүгін тексеру кезінде 287 млн теңгенің декларацияланбаған тауарлары табылды. Компания директоры қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің дерегінше, Group Of the Companies Tda компаниясының құрылтайшылары Анипа Назарбаева (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әпкесі) мен Әли Қылышбаевқа тиесілі.
Айта кетейік, осыған дейін Бас прокуратура кедендегі заңсыздықтардан мемлекетке 165 млрд теңге шығын келгенін хабарлаған.