Анкара мен Ыстамбұл тұрғындары маска тағып жүруге міндеттелді

529

Мұндай ереже елдегі 81 провинцияның 42-сінде енгізілген.

Анкара мен Ыстамбұл тұрғындары маска тағып жүруге міндеттелді Фото: reuters.com

Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Бурса қалаларының әкімшілігі пандемияға байланысты жаңа жарлық шығарды. Құжат бойынша енді осы шаһарлардың тұрғындары көшеде міндетті түрде маска киіп жүруге тиіс.

Басшылықтың мұндай қадамға баруына соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп болған. 15 маусымда 1592, 16 маусымда 1467, 17 маусымда 1429 науқас тіркелген. 

Бұған дейін де Түркия билігі азаматтардың қоғамдық орындарда бетперде киіп жүруін талап еткен еді. Осы күнге дейін мұндай ереже елдегі 81 провинцияның 42-сінде енгізілген.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Осы күнге дейін әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 8 миллионнан асып, оның 440 мыңнан астамы қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу