Анкара Солтүстік Кипрге әскери күш жіберді

110

Аймақта ахуалдың ушығуына байланысты Түркия Солтүстік Кипрде әскери күшін нығайтып жатыр.      

Анкара Солтүстік Кипрге әскери күш жіберді Фото: pixabay.com

Аралға алты F-16 жойғыш ұшағы мен әуе қорғаныс жүйелерін жіберді. Мұны Түрік Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркия билігі қажет болса, аралдағы әскерін одан әрі күшейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Ал Солтүстік Кипр Түрік Республикасының премьер-министрі Үнал Үстел бұл қадам қорғаныс шарасы екенін айтып, Грек-Кипр тарапының қатаң сынына қарсы ресми мәлімдеме жасады. Бұған дейін Кипрдің грек бөлігіндегі Пафос әуежайына Грекия әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары қонғаны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу