Түркияның Шанхай Ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық деңгейін арттыруы саяси мәселе болып табылады, деп мәлімдеді Ресейдегі Түркия елшісі Хусеин Дириоз "Интерфакске".
Ол ЕАЭО жәнеШЫҰ-мен жақсы қарым-қатынас ұстау - Анкараның көпсекторлы саясаты негіздерінің бірі деп түсіндірді.
"Түркияның ЕАЭО және ШЫҰ-мен қарым-қатынасы жақсы, сондықтан сол қарым-қатынасты жалғастыра берсек дейміз", – деді елші
"ШЫҰ диалогы бойынша осы уақытқа дейін әріптеспіз, сондықтан осы ұйымның мүше елдерімен жақсы қарым-қатынасты сақтау біз үшін маңызды. Ал ШЫҰ-мен ынтымақтастық деңгейін көтеруге келсек, ол саяси шешім жасайтын мәселе", – деп атап өтті ол.
Хусеин Дириоз Түркия ШЫҰ энергетикалық клубының мүшесі екенін тілге тиек етіп өтті.