Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады

1235

Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады

Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жобаға Атырау облысының бизнес құрылымдарының өкілдері қолдау білдірді. Танымал қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалатын болады.
Мүсіндік композиция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын Түркияда мерекелеу аясында 2011 жылы Анкарада ашылған Дина Нұрпейісова атындағы саябақта орнатылады. Сол жылы Түркияда атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойы кеңінен атап өту жоспарлануда. 
Еске сала кетсек, Қазақстан елшілігінің, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) және Анкара қаласы Этимесгут ауданы мэрінің ұйымдастыруымен 2011 жылы Дина Нұрпейісова атындағы саябақ ашылған еді. Бұл танымал күйшінің атындағы шетелде ашылған алғашқы саябақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу