Анкарада қымыз фестивалі өтті

654

Аталмыш шара Түркияның бас қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. 

Анкарада қымыз фестивалі өтті Фото: m.haberturk.com

Халықаралық қымыз фестивалі ТҮРКСОЙ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Анкарадағы Елшілігінің мұрындық болуымен өткізілді.

Анкарадан отыз шақырымдай жерде орналасқан ауылда киіз үйлер тігіліп, түркі әлеміне ортақ қымыз сусыны таныстырылды. Фестивальге келушілерге қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, қымыз дайындау барысы түсіндірілді. Алдымен желбау тартылды, құлындар байланды, бие сауылды, саумал күбіге құйылды, осылайша келген қонақтарға қымыздың әзірлену жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, өнерлі қазақ жастары ән мен күйден шашу шашты.

Шетелде алғаш рет өткізілген қымыз фестиваліне ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, қазақ диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ осында білім алып жатқан қазақ-түрік студенттері, Анкараның жергілікті халқы мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Ұйымдастырушылар аталмыш шараны дәстүрлі түрде өткізіп тұруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу