Түркия, Финляндия, Швеция және НАТО делегацияларының қатысуымен үшжақты келісімге сәйкес құрылған тұрақты бірлескен механизмнің төртінші отырысы Анкарада өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі Анадолы агентігіне сілтеме жасап.
Шара "Кулие" резиденциясында президенттің бас кеңесшісі, Акыф Чагатай Кылычтың жетекшілігімен өтті.
Кездесуге НАТО делегациясының басшысы ретінде НАТО Бас хатшысының кабинет басшысы Стиан Йенссен, Швеция делегациясының басшысы ретінде Швеция сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы, елші Ян Кнутссон және Финляндия делегациясының басшысы ретінде Финляндия сыртқы істер министрлігінің тұрақты мемлекеттік хатшысы Юкка Саловаара қатысты.
Отырыс шамамен 3 сағатқа созылды