Павлодар қаласындағы тұрғын үй аулаларын тексеру барысында жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері есіктері мен терезелері жабылмаған автокөліктер анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше полицейлер аулаларды аралап жүріп, бір түннің ішінде есіктері ашық қалған 21 көлік құралын тапқан. Рейд қорытындысы бойынша аңқау көлік иелерімен профилактикалық сұхбат өткізілді. Жеке мүліктің ұрлануы мен автокөліктің зақымдануы қаупін азайту мақсатында полицейлер көлік иелерін бірнеше қарапайым ережелерді сақтауға шақырды. Айталық, сақшылар автокөлікті қысқа уақытқа қалдырғанның өзінде көлік салоны мен жүксалғыш есіктерін жабуды ұмытпауды, сондай-ақ машинада құнды заттарды қалдырмауды өтінеді.