Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды

822

АҚШ-тың Шарлоттсвилл қаласында өткен ITF сериясының финалында қазақстандық Анна Данилина австралиялық Арина Родионовамен бірлесіп жеңімпаз атанды.  

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлайды. 

Финалда олар Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлиф пен индонезиядық Алдила Сутджиадм жұбынан 6:1, 6:3 есебімен басым түскен.  Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.  "Маусым жақсы өтіп жатыр. Кезекті рет жеңіске жеттім. Демек, дұрыс бағытта келе жатырмын", - дейді Данилина.  

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу