Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жартылай финалда франциялық Джессика Понше – чехиялық Анна Шишковаға қарсы ойнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Екінші сетте франциялық-чехиялық дуэт қарымта қайырды – 6:4. Есесіне супер тай-брейкте Данилина – Грунчакова мықтылықтарын мойындатты – 10:7.
Айта кетейік, Анна Данилина – Виктория Грунчакованың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу