Қазақстандық Анна Данилина аралас сында Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші франциялық Николя Маюмен бірге екінші айналымда италиялық Андреа Вавассори – ресейлік Людмила Самсоновамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-франциялық жұп тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (7:4).
Екіншісінде екінші топ 6:4 есебімен есе қайырды.
Үшінші, шешуші сетте Н.Маю мен А.Данилина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8). Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында олар 8 эйспен жеңді.
Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу