Анна Нұрмұхамбетова 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарыстардан шеттетілді

451

Бұған спортшының допинг қолданғаны себеп болған.

Анна Нұрмұхамбетова 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарыстардан шеттетілді

2012 жылғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола жүлдеге ие болған Анна Нұрмұхамбетова допингке қарсы ережені бұзғаны үшін 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарысқа қатыса алмайтын болды. Бұл туралы еліміздің ауыр атлетика Федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми дерек бойынша, допингке қарсы ұлттық орталық Нұрмұхамбетованың 2019 жылдың 1 тамызында Талдықорғанда өткен V Жазғы Спартакиадада ереже бұзғанын тіркеген. 

"Ақмола облысының атынан шыққан спортшының анализдерінен оралтуринабол стероиді табылды. Комиссияның шешіміне сәйкес Анна 2023 жылдың 17 қыркүйегіне дейін жарыстан шеттетілді", — деп жазылған мәлімдемеде. 

Ескере кететін жайт, соңғы төрт жылда Қазақстан құрамасын халықаралық деңгейдегі допингке қарсы ережені бірде-бір рет бұзбаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу