Бағдарламаны іске асыру кезінде үш мыңнан астам әйелде жүктілік басталды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Министрдің айтуынша, бағдарлама іске асырылғалы 2 300 бала дүниеге келді.
"Аңсаған сәби" бағдарламасы 2021 жылдан бастап 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7 000 квота бөлуді көздейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу