"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам сәби дүниеге келген

1024

"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бұл жайында Шымкенттегі бедеулік проблемаларына арналған халықаралық конференцияда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам сәби дүниеге келген

Министрдің айтуынша, елімізде жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуде ЭКҰ бағдарламаларын мемлекеттік қаржыландыру маңызды рөл атқарды.

2010 жылдан бері 9 мыңға жуық бағдарлама өткізілді, 3 мыңнан астам бала дүниеге келген.

"Балалардың болмауына байланысты неке бұзылатын жағдайлар туындайды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкіметке ЭКҰ-ға квотаны 7 есе ұлғайта отырып, "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның аясында 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, 1 мыңнан астам бала дүниеге келді", – деп атап өтті Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу