"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында 7 мың әйелге ЭКҰ жасалды. Биыл 6,5 мың әйел бұл бағдарламамен қамтылды. Қалғандары өз кезегін күтуде. "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2654 отбасында 3110 нәресте дүниеге келді", - деді ведомство өкілі.
Вячеслав Дудниктің сөзінше, жүкті әйелдер мен жаңа туған сәбилерге көмекті жетілдіру мақсатында 11 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр.
"Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың әл-ауқаты мен денсаулығына тікелей байланысты. Сол себепті де балалар жылында Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бастамаларды жүзеге асырды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады", - деп атап өтті вице-министр.