"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 6 мың әйел бала көтерді

456

3 мыңнан астам сәби дүниеге келді деп жазады inbusiness.kz. 

"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 6 мың әйел бала көтерді Фото: Qazaqstan.tv

Үкімет отырысына қатысқан Ажар Ғиният есебіне сүйенсек, елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйел босанады екен. Десе де бедеулік пен белсіздік дерті дендеп, нәресте аңсаған отбасылар қатары көбейген. 

"Бедеу неке -   медициналық-әлеуметтік проблема болып табылады, оны шешу елдегі демографиялық жағдайды арттырып, әртүрлі себептерге байланысты сәби сүю мүмкіндігінен айырылған әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді" - дейді денсаулық сақтау министрі.

Бүгінде Министрлік "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда, нәтижесінде 14 000 әйелге экстракорпоралдық ұрықтандыру қызметтерін ұсынған.  Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 6 000-нан астам әйел жүкті болып, 2 800 отбасында көптен күткен 3 200 бала дүниеге келді. Қазіргі уақытта 3 мыңға жуық жүкті әйел нәрестені дүниеге әкеледі деп күтілуде.

Жыл сайын "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы шеңберінде 7 мың квота бөлу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу