"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді

968

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметінше, елімізде жасанды ұрықтандыру нәтижесінде 25 мың бала дүниеге келді. 

"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді

Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желісіндегі жеке парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

ЭКҰ аясында алғашқы сәби 15 қазанда өмірге келді. Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана репродуктивті медицина институтына жүгінген кезде 9 жылдан бері бала көтере алмай жүргенін айтқан екен. 

“Отбасы материалдық жағдайға байланысты ЭКҰ жасата алмай келген. Ерлі-зайыптыларға жүктілікті "Аңсаған сәби" бағдарламасының квотасы бойынша ЭКҰ әдісімен жоспарлау ұсынылды. Осылайша, әйел адам дәрігер Аяулым Косетованың қарауында болған. Алғашқы ЭКО-дан кейін-ақ Дана жүкті болып, қазан айының ортасында босанды. №3 қалалық перзентханада салмағы 3 156 келі, бойы 52 сантиметр Арман есімді дені сау ұл жарық дүние есігін ашты”, – деп жазды министр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу