"Аңсаған сәби" бағдарламасы: бес жылда 15 мың бала дүниеге келді

237

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.  

"Аңсаған сәби" бағдарламасы: бес жылда 15 мың бала дүниеге келді Фото: gov.kz

Бағдарлама 2021 жылы іске қосылған. Содан бері экстракорпоралдық ұрықтандырудың 37 мыңға жуық циклі жүргізілді. Жыл сайын бөлінетін квота саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде еліміздегі отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады. Жыл сайын осы мәселе бойынша 20,5 мыңға жуық ерлі-зайыпты медициналық көмекке жүгінеді.

Қазақстанда ЭКҰ жасайтын медициналық ұйымдардың саны да артқан. 2004 жылы мұндай қызметті төрт клиника көрсетсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу