"Аңсаған сәби" бағдарламасымен ауылдағы 16 отбасы сәби күтіп отыр

723

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы орталық емхана дәрігерлерінің мәліметінше, ауданда 165 отбасы балалы болуға мұқтаж. Биыл оның 66-сы жасанды жолмен бала сүю үшін квотаға өтініш берген. 

"Аңсаған сәби" бағдарламасымен ауылдағы 16 отбасы сәби күтіп отыр

Осы уақытқа дейін 33 отбасының квотасы мақұлданып, өздерінің таңдауы бойынша республикадағы репродукция орталықтарына ем-шараға жолданған. Соның нәтижесінде 16 мұнайлылық әйел құрсақ көтерген. 

"Мұнайлы ауданының орталық емханасында, ауданға қарасты ауылдар мен санитарлық көмек көрсету орталығында жанұяны жоспарлау медициналық кабинеті жұмыс істейді. Арнайы дайындықтан өткен мамандар дені сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін ерлі-зайыптыларға кеңес береді. Ал бірнеше жылдан бері бала сүйе алмай жүрген отбасылармен бөлек жұмыс жасап, психологиялық көмек көрсетеді. ЭКО арқылы бала сүюге болатынын түсіндіріп, бағдарламаға құжат жинауға көмектесіп келеміз. Қазір 16 мұнайлылық әйел ЭКО арқылы құрсақ көтерді. Олардың денсаулығы бақылауда", – деді Мұнайлы ауданының гинеколог дәрігері Кабира Сәкенқызы. 

Алмас Қылыш
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу