"Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында 2 431 бала дүниеге келді

Әлемдік талаптарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталық ашылады.  

"Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында 2 431 бала дүниеге келді Фото: yandex.kz

Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын білесіздер. Бұл бағдарлама Президентіміздің бастамасымен өткізіліп жатыр. Елімізде былтыр 7 000 квота таратылған болатын. 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, көптен күткен 2 431 бала туды. Көптеген отбасы бала сүю бақытына ие болды. Жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарланған", - деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу